Қазақстан - бірлік пен достық мекені"
Теміртау қаласы білім бөлімі ,,N2 жалпы білім беретін мектебі" кітапханасы 1- мамыр Қазақстан облысы халықтары бірлігі күніне орай ,,Қазақстан - бірлік пен достық мекені" кітап көрмесімен 6
сынып оқушыларын таныстырды. Мақсаты оқушыларды Қазақстан аумағына тұрып жатқан ұлт өкілдерінің киелі шаңырақта тату -тәтті, бейбітшілік пен ынтымақта өмір сүріп жатқандығын және басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін,әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. Өз елін,жерін сүюге, халқын құрметтеуге тәрбиелеу.
Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде еліміз аман, жұртымыз тыныш. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы достыққа сызат түспей, ынтымақ бірлігіміз нығая берсін деп тілейміз.