Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттер
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
1.қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;
2. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;
3. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
4. сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;
5. сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.