Педагог-көмекші- 2 бірлік
Атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№7 жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Негізгі бағыты:негізгі орта білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру.
Орналасқан орны (мекен-жайы): Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, 101600, Шахтинск қаласы, Молодежная көшесі 51Б, анықтама телефоны, факс 8(72156) 55102, E-mail: shahtinsk_osh7@krg.gov.kz.
Лауазымдық жалақысы:
Буын |
Саты |
Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы (теңге) |
|
бастап |
дейін |
||
В 2 |
4 |
145115 |
167414 |
В 2 |
3 |
154318 |
182633 |
В 2 |
2 |
155380 |
184049 |
В 2 |
1 |
165290 |
191482 |
Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:
жоғары педагогикалық білімі және (немесе) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (педагогикалық) білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;
және (немесе) біліктілігінің орта және жоғары деңгейі болған кезде мамандығы бойынша жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл;
және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған кезде педагог-шебер үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілі – 5 жыл.
Лауазымдық міндеттері:
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның ұсынымы бойынша ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар баланы психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жүзеге асырады;
балалардың ерекше білім алу қажеттіліктерін бағалау мақсатында мамандар мен педагогтердің командалық бағалауына, сондай-ақ жеке білім беру және дамыту бағдарламаларын құрастыруға қатысады;
білім беру ұйымдарында ұйымдастырылған оқу және өзге де қызмет кезінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға, олардың өзіндік қызметі денсаулық жағдайы мен мінез-құлық ерекшеліктеріне байланысты шектелген жағдайда, көмек көрсетеді, психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетеді;
оқыту, тәрбиелеу және дамыту жұмыстары процесінде ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар бала туралы деректерді бақылауды жүзеге асырады және жинақтайды, білім беру бағдарламасын меңгеру нәтижелерін, білім беру, әлеуметтік-бейімдеу (мінез-құлық) дағдыларын қалыптастыру серпінін хаттамалауды жүргізеді және баланы оқыту және әлеуметтендіру процесін мониторингтеу үшін тәрбиешілер мен мамандарға ақпарат береді;
ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланың өмір сүру қауіпсіздігі мен денсаулығының қажетті жағдайларын сақтайды;
белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар
Білуге міндетті:
Лауазымдық міндеттері:
Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Бала құқықтары туралы конвенцияны", Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары туралы", "арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы", "Кемтар балаларды әлеуметтік медициналық-педагогикалық және түзеу арқылы қолдау туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын басшылыққа алады. Және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері;
ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді ұйымдастыру және мазмұны бойынша білім және ғылым саласындағы уәкілетті орган ұсынған әдістемелік ұсынымдар мен нұсқаулық-әдістемелік материалдар;
педагогикалық этика нормалары;
еңбек заңнамасының негіздері, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар;
белгіленген нысан бойынша есептік құжаттаманы жүргізеді.
Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:
1) осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);
4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
Конкурсты өткізу мекен жайы: Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, 101600, Шахтинск қаласы, Молодежная көшесі 51Б, анықтама телефоны, факс 8(72156) 55102, E-mail: shahtinsk_osh7@krg.gov.kz.
Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін жүзеге асырылады.
Құжаттарды қабылдау басталған күн, уақыты: 23.01.2023ж.,09.00сағ.
Құжаттарды қабылдау аяқталған күн, уақыты: 31.01.2023ж.,17.00сағ.