Шахтинск қаласының орта білім беру ұйымдарының оқушылары арасында нәтижелі алдын алу жұмысын ұйымдастыру және кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты және қылмыстылықты алдын алу мақсатында 2023 жылғы 18 қазаны Шахтинск қаласының орта білім беру ұйымдарының 8-11 сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандар арасындағы девиантты, бейәлеуметтік мінез-құлықты алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қосымша білім берумен қамту» тақырыбында онлайн дәріс-әңгімелер өткізілді. Дәріс-әңгімелерді Шахтинск қаласының полиция бөлімінің ЖПҚ кәмелетке толмағандардың ісі жөніндегі учаскелік аға инспекторы, полицияның аға лейтенанты Шарипова Наимулуна Кайратовна, Оқушылар сарайының кәсіби құзыреттілік және мансаптық өсу орталығының меңгерушісі Морозова Марина Вячеславовна, Н.Тілендиев атындағы балалар музыкалық мектебі директорының бейін бойынша орынбасары Чулпанова Татьяна Яхьяновна, Ә.Ысмайылов атындағы балалар көркемөнер мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Рахимберлина Бахыт Такеновна жүргізді. Жалпы қамту - 2210 оқушыны құрады.
«Девиантты, деструктивті мінез-құлықтың алдын алу, балалардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қосымша білім беруге оқушыларды тарту» тақырыбында онлайн лекция-әңгіме.