«Болашаққа билет» облыстық форумы аясында «Болашақ мамандықтар атласы» бейнероликтерінің облыстық байқауы
2025 жылғы 24 қарашада 8–10 сынып оқушылары арасында «Болашаққа билет» облыстық форумы аясында «Болашақ мамандықтар атласы» атты бейнероликтердің облыстық байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты – білім беру ұйымдарындағы кәсіби бағдар беру жұмысының үздік медиа тәжірибесін көрсету.
КММ №7 ЖОББМ-нің 10-сынып оқушысы Есей Мөлдір «Биоинформатика және жасанды интеллект: ертеңгі күннің мамандықтары» тақырыбында бейнеролик ұсынып, II орынға ие болды.
