
Жыл сайын еліміз қыркүйектің соңғы жексенбісінде Еңбек күнін тойлайды.
«Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет білдіреміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек – бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деді мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаев.
Еңбек күні қарсаңында білім саласына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан ардагер ұстаздардың еңбекқорлығын дәріптеу мақсатында лицейіміз арнайы оқушыларды мамандықтардың қыр-сырымен таныстыра отырып, олармен өзара пікір алмасты.