«Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесі негізінде «Ауылда 10 күн» әлеуметтік жобасы лицейімізде іске асырылуда. *Басты мақсаты* – ауыл өмірімен танысу арқылы оқушы бойына рухани құндылықтарды сіңіру, ауылдағы үлкендердің өнегелі әңгімесін тыңдау, қалада өсіп келе жатқан балаларға «ауыл» түсінігін қалыптастыру, ауыл тарихы мен тіршілігімен танысу, ауылдың әлеуметтік мәселелерге өзіндік пікір қалыптастыру, ауыл шаруашылығын жетілдіріп дамытатын ұрпақ тәрбиелеу, баланың жан-жақты дамуы, салт-дәстүрді ұстану және оған берік болу болып табылады. Лицейіміздің 6-сыныптары арасында 2022 жылдың 21 қазанында «Ауылда екі апта» жобасы өткізілді. Қатысқан оқушылар мақтау қағазымен марапатталды. *І орын* 6"Г" сынып оқушысы Темиргалиева Тоғжанға бұйырды. *ІІ* орынды 6"В" сынып оқушысы Муканов Қазбек алды. Ал *ІІІ* орынды 6"Д" сынып оқушысы Есенбек Илияс иеленді.
@shahtinsk_obrazovanie
«Ауылда 10 күн» әлеуметтік жобасы