Ыстық тамақпен қамтамасыз ету
Балалардың мектепте болған кезінде ыстық тамақпен тамақтануы, олардың денсаулығын сақтаудың және тиімді оқу қабілетінің маңызды шарттарының бірі болып табылады.
Мектепте тамақтануды ұйымдастыруды жақсарту, сондай-ақ білім алушылардың тамақтану сапасын бақылауды қамтамасыз ету мақсатында 2022 жылғы 27 қазанда «Әлихан Бөкейханов атындағы мектеп- лицейі» КММ-де қамқоршылық кеңесінің мүшесі Мейрамова Баян,
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мухаметжанова Нургуль, әлеуметтік педагог Нажмиден Диана тамақтандырудың мониторингін жүргізді.
@shahtinsk_obrazovanie