back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Хабарландыру
17-11-2022 17:49
Хабарландыру
Құрметті Шахтинск аймағының тұрғындары!
Сіз мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында берілетін Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығына белсенді қатыса аласыз.
Сыйлық ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық  жемісті қызметі үшін, жастар арасында танылған, Шахтинск қаласының 14-тен 28 (қоса алғанда) жасқа дейінгі жас азаматтарына келесі номинациялар бойынша беріледі: 
- «Бас жүлде»;
- «Жылдың жас спортшысы»;
- «Жылдың үздік оқушысы»;
- «Жас өнер қайраткері»;
- «Батыл жүрек»; 
- «Жыл еріктісі»;
- «Жылдың жас маманы».
«Гран-при» номинациясы бойынша жеңімпазды комиссия мүшелері басқа номинацияларға қатысуға өтінім берген қатысушылар арасынан таңдайды.
«Батыл жүрек» номинациясы ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне беріледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 16 қарашадан сағат 15:00-ден 2022 жылғы 07 желтоқсанға дейін сағат 18:00-ге дейін.
Жұмыстар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
1. Жастар ресурстық орталығы - (Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101), жұмыс телефоны: 8 (72156)53529, ұялы телефон 87789445111, 87787137727, 87759895868.  
2. Ішкі саясат бөлімі – (Шахтинск қаласының әкімдігі, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50 А), жұмыс телефоны: 8 (72156) 51595, ұялы телефон 87755532070.
 
 
#шахтинск
#шахтинскжастары
#жастарүшін
#жастартуралы
Новости