«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының 5-күні информатика пәні мұғалімдеріне арналған «Информатика пәні бойынша ҰБТ-ға дайындық» атты шебер-сынып өткізілді. Шебер-сынып шеңберінде Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейнің информатика пәнінің мұғалімі Н.С.Есмаганбетова тәжірибесімен бөлісті.
Шебер-сыныптың мақсаты: мұғалімдерге информатика пәнінен оқушыларды ҰБТ- ға дайындаудың тиімді жолдары жайлы түсінік қалыптастыру, сабақ үрдісіндегі оқытудың әртүрлі әдістердің тиімді қолданудың маңызын ашып көрсету, жоғары дәрежелі сұрақтарды құрастыру дағдыларын жетілдіру, мұғалімдерге сабақ барысында тестік тапсырмаларды ұтымды пайдалануды үйрету. Шебер-сыныпта жоспарланған жұмыстар өзектілігімен ерекшеленді. Қатысушылар тапсырмалар орындап, белсенді жұмыс жасады.
@obb_qaragandy
@umckrg
@shahtinsk_obrazovanie
«Цифрлық әлем» ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының 5-күні