
Қарағанды облысының білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде 2023 жылдың 7 ақпан күні "Цифрлық әлем" компьютерлік және ақпараттық сауаттылықты дамыту апталығының 2-күні 3-4 сыныптарда «Интернет және оның қауіптілігі», 5-6 сыныптарда «Мен және әлеуметтік желілер», 7-8 сыныптарда «Фейк – деген не және ақпаратты қалай тексеруге болады?» және 9-11 сыныптармен «Компьютерлік тәуелділік тәуекелдері, виртуалды әлемге деген құштарлық» тақырыптарында сынып сағаттары өтті. Оқушыларға интернетті дұрыс пайдалану жолдары, зияны және пайдасы туралы түсінік берілді.
@shahtinsk_obrazovanie
@umckrg