back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Білімді мыңды жығар» деп атам қазақ айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың басында білімді оқушы тұрады
31-03-2024 23:11
«Білімді мыңды жығар» деп атам қазақ айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың басында білімді оқушы тұрады

«Білімді мыңды жығар» деп атам қазақ айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың басында білімді оқушы тұрады. Осындай білімді, оқушыларымыздың бірі - 10 -сынып оқушысы Аманбекова Гульжана.

Гульжана облыстық үш түрлі байқауға қатысып, оза шауып, ең үздігі болып танылды. Атап айтсақ, академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдер факультеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасымен Сербия мемлекеті бірлесіп ұйымдастырған 15-18 жас арасындағы мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы Ұлтаралық конкурс “Ocean of Knowladge: Білім теңізі” атты жобалар сайысына қатысып, І дәрежелі дипломға ие болды және академик Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің шетел тілдер факультеті аударма теориясы мен практикасы кафедрасы Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысы бойынша 10-11 сынып мектеп оқушылары мен 1-2 курс колледж студенттері арасында аудармашылардың онлайн байқауына қатысып, тағы да 1 дәрежелі дипломға қол жеткізді.

Сонымен қатар Қарағанды облысының білім басқармасы ұйымдастырған 10 - сынып оқушылары арасында өткен облыстық “Daraboz” зияткерлік сайысына атысып, 1 орынға ие болып, ең үздіктер қатарынан табылды. Гульжанадай білімді оқушыларымыздың көп болғай.

@bilimshahtinsk

#біртұтас_тәрбие

Новости