Ағымдағы жылғы 14-20 наурыз аралығында Наурызды мерекелеу аясында Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралары өткізілуде.
«Тоғыз айға – 9 іс-шара» жобасы аясында еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық, патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындауын насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру мақсатында 20 наурыз білім беру ұйымдарының қатысуымен «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджі өткізілді.
Оқушылар мен педагогтар келесі күйлерді орындады:
1) Құрманғазы Сағырбайұлының күйі «Балбырауын».
Құрманғазының қазақ халқының қонақжайлылығына риза болып шығарған күйі;
2) Құрманғазы Сағырбайұлының күйі «Адай».
Құрманғазы Адай руының тапқырлығы мен батырлығына таң қалып, «Адай» күйін шығарды;
3)Әбдімомын Желдібаев «Ерке сылқым».
Челленджге 65 оқушы және 2 педагог қатысты.
Ағымдағы жылғы 14-20 наурыз аралығында Наурызды мерекелеу аясында Шахтинск қаласының барлық білім беру ұйымдарында түрлі іс-шаралары өткізілді