Көктем – табиғаттың жаңарып, тіршілік қайта жанданатын мезгіл. Айрықша мейрам – Ұлыстың ұлы күні де жаңару, жаңғыру ұғымдарынан құралған. 19 наурыз – Жаңару күні. Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады.
Бұл күні мектеп-лицейіміздің оқушылары биология пәнінен зертеу ашық сабақтарна қатысып өсімдіктердің құрылымдарын микроскоп арқылы анықтап, плакаттар жасап белсене қатысты. Бастауыш сынып оқушылары “Гүлдер әлемі” үйірмесі аясында өтетін көрмеге дайындықтарын көрсетті.
“Гүлдер әлемі” үйірмесі балалардың білімін тереңдетіп, гүл өсіруіне қызығушылығын арттыруда.
Оқушылар өрме тұқымдас гүлдер, декоративті хош иісті гүлдер бұрышын отырғызып, баптап өсіруде! Болашақ зертеуші оқушыларымызға сәттілік тілейміз.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие
19 наурыз – Жаңару күні