back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы
16-03-2024 14:24
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы
  • Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жұмысы шеңберінде өткен жиында логопед-педагог Рахимбекова Сарқыт Атеновна ата-аналарға маманмен өткен сабақтан кейін үй жағдайында баламен сабақ жүргізуге арналған кеңестермен бөлісті:

    1.Баламен асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.

    2. Әр іс- әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.

    3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді дұрыс қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлеміңіз екі үш сөзден тұру керек.

    4.Ашық сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді

    5.Артикуляциялық жаттығу- бұл ерін мен тілге арналған жаттығулар. Тіл- сөйлеу органының негізгі бұлшықеті. Тілді дыбыс шығаруға қатысты нақты қимылдарды жасай алу үшін жаттықтыру қажет. Ерін мен тіл икемді әрі мықты болуы керек. Артикуляциялық жаттығуды орындау үшін айна қажет. Бала өзінің тілінің қозғалысын көріп отыруы қажет. Бала тіл жаттығуларын жаттағанға дейін қайталай беру керек.

    @bilimshahtinsk
    #біртұтас_тәрбие
Новости