
Бүгінгі мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауын мектеп-лицейіміздің ұжымы тікелей эфирде тыңдады.
Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Ұлттық құрылтай, Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысты.
Президент Жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылды.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие