back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасы
03-02-2025 20:02
«Жарқын болашақ»  республикалық қазақ тілі олимпиадасы
2025 жылғы 28 қаңтарында «Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының қалалық кезеңі болып өтті.  Олимпиаданың мақсаты: оқушылардың интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту, білімге деген қызығушылықтарын арттыру, дарынды балаларды анықтау және қолдау. Бұл олимпиада оқушыларға өз білімдерін сынап көруге, жаңа білім мен тәжірибе алуға мүмкіндік береді.
«Жарқын болашақ» олимпиадасы 5 бағыт бойынша өткізілді:
1.«Бейнелеушілер» (қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу);
2.«Білгірлер бәйгесі» (мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс);
3.«Жас қаламгер» (жазбаша шығармашылық жұмыс),
4.«Сөз шеберлері» (Көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу);
5.«Әнші-бұлбұлдар» (ән айту).
Аталған бағыт бойынша оқушыларымыз қатысып, 5 бағыт бойынша жүлделі орындарға қол жеткізді.Атап айтсақ, «Бейнелеушілер» бағыты бойынша Жарасқан Т. 3- орын, жетекшісі: Кузембаева М.К., .«Білгірлер бәйгесі» бойынша Баикен А.1- орын, жетекшісі: Карабаева Ф.Ж., .«Жас қаламгер» бағыты бойынша Сәду  А.1- орын, жетекшісі: Жолшибекова У.Т., «Сөз шеберлері» бағыты бойынша Жорабек Ж. 1 -орын, жетекшісі : Каржасова А.С., «Әнші-бұлбұлдар» бағыты бойынша Естай К. 1- орын, жетекшісі: Ниетпаева З.Е. Оқушыларымызды құттықтай отырып, облыстық кезеңде жүлделі орын алуына тілектеспіз.
Новости