
«Шапағат» дебат клубында мектепішілік дебат дебат пікір-сайысы өткізілді.
Қаңтардың 31 жұлдызында Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейінде “Шапағат” дебат клубы өзінің кезекті мектепшілік дебат сайысын өткізді.Ұшқыр ой алаңына 7-сыныптар шықты.6 “В” сыныбынан “Жігер” командасы қатысу керек еді, белгілі себептермен қатыса алмай қалды.Бірақ 7-сыныптар арасында ойын тартысты және қызықты өтті.
Бүгін қорғалған тақырып:”Интернет кітапты алмастыра алады”.Төрешілікке тәрбие ісінің меңгерушісі Орынбасаров М.А., тарих пәнінің мұғалімі Аспандиярова Г.Б., педагог-психолог Сейтпанова Ж.М. қатысып, бағалады.Ойын соңында “Бірлік” командасы 1 орынға ие болды, ал “Арман” командасы 2 орын алды. “Үздік спикер” номинациясы Ғани Аянатқа берілді.
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие #gani_beisembayev #менпікірсайысшымын