
Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Шын жүректен кітап сыйла» челленджі өз бастауын алды
Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейінде ерекше әрі әсерлі челлендж басталды! «Шын жүректен кітап сыйла»
Бұл челлендж арқылы біз оқушыларды бір-біріне кітап сыйлап, кітап оқу мәдениетін дамытуға шақырамыз. Кітап – біздің рухани байлығымыз, білім мен әлемді танудың кілті.
Әр кітап – жаңа әлемге саяхат, жаңа идеялар мен шабыт. Осы челлендж аясында әрбір оқушы, ұстаз бір-біріне өз жүрекжарды кітаптарын сыйлап, ой бөлісіп, бірге дамуға шақырылады.
Кітап сыйлау арқылы достықты нығайтып, білімділікке бір қадам жақындаймыз. Бұл – тек сыйлық емес, өмірлік қазына!
@obb_qaragandy
@umckrg
@bilimshahtinsk
#біртұтас_тәрбие #gani_beisembayev #ШынЖүректенКітапСыйла