back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Расширение сферы применения казахского языка

Комитетом языковой политики Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан реализован проект синтеза речи на казахском языке (экранный диктор) с целью расширения сферы применения казахского языка, в том числе создания необходимых условий для слабовидящих.

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталығының бірінші күні
21-04-2025 16:18
Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталығының бірінші күні

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ- де орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша апталығының бірінші күнінде мазмұнды әрі қызықты іс-шаралар өткізілді.

Апталықтың алғашқы күні зияткерлер күні болып аталып, балалардың танымдық қабілетін, әдебиетке деген сүйіспеншілігін арттыратын түрлі зияткерлік ойындар, викториналар, жазушылық шеберлік байқауларға толы болды.

2-4 сыныптар арасында «Юные знатоки» атты викторина ойыны өткізілді. Бұл ойын Халықаралық балалар кітабы күніне арналды. Оқушылар сүйікті ертегілер мен әдеби кейіпкерлер туралы сұрақтарға жауап беріп, кітап оқуға деген қызығушылықтарын көрсетті. Балалар белсенділік танытып, өз білімдерін ортаға салып, шынайы зияткерлік жарыс өткізді.

8-сыныптар арасында «Литературный марафон» зияткерлік ойыны өткізілді. Бұл ойын барысында оқушылар орыс әдебиетінің классиктері, олардың шығармалары мен өмір жолы туралы білімдерін сынады. Топтық жұмыс, логикалық тапсырмалар, әдеби үзінділер арқылы қатысушылар өз эрудицияларын көрсетті.

10-11 сынып арасында «Голос памяти» атты әдеби композициясы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналды. Оқушылар соғыс жылдарындағы өлеңдер мен проза үзінділерін оқып, жауынгерлердің ерліктерін еске алды. Оқушылар іс - шара барысында жүрекке жетерлік әсерлі эсселерін оқып, көрермендерге рухани әсер сыйлады.

Апталықтың бірінші күні өз деңгейінде ұйымдастырылып, оқушылардың белсенділігі мен шығармашылығы көрініс тапты.

@umckrg
@bilimshahtinsk

#біртұтас_тәрбие
#gani_beisembayev

Новости