Ағылшын тілі пәні апталығының алғашқы күніндегі іс-шаралар

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де ағылшын тілі пәні апталығының алғашқы күнінде қызықты іс-шаралар мен ашық сабақтар өтті.
✨Ашылу жиынында тілдің маңыздылығын арқау еткен әсерлі қойылымдар, өлеңдер және дәйексөздер ұсынылды.
3–4 сынып оқушылары шығармашылық қабілеттерін дамытып, «Жұмбақтар» атты қолдан жасалған кітаптар дайындады.
5–7 сынып оқушылары «Smart English: Book World!» атты зияткерлік ойынына қатысып, білімдерін сынға салды.
8–9 сыныптарға Уильям Шекспир шығармашылығына арналған қызықты викторина ұйымдастырылды.
10–11 сынып оқушылары TEDx форматындағы пікірсайыста “Интернет кітапты алмастыра ма?” деген тақырыпта өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізді.
✨ Сонымен қатар, "Welcome to English poems" атты шығармашылық іс-шара өткізілді.
3–4 сынып оқушылары ағылшын тіліне қызығушылық танытып, өлеңдер арқылы жаңа сөздер мен сөйлем құрылымдарын меңгерді.
✨Сайыс қорытындысы бойынша:
І орын – 4А, 3Г
ІІ орын – 4Г, 3А
ІІІ орын – 3Б, 4В
Барлық қатысушыларды құттықтаймыз!
✨ Ашық сабақтар:
8-сынып (М.Фарида): "Drama: Role-playing a fictitious family meal and/or a scene in a restaurant"
Оқушылар рөлдік ойын арқылы отбасылық кешкі ас пен мейрамханадағы диалогтарды сахнада көрсетті. Сабақ эмоцияға, импровизацияға және сөйлеу дағдысын дамытуға бағытталды.
5-сынып (Н.Г.Құдайбергеновна): "Sports in Kazakhstan"
Сабақта оқушылар еліміздегі спорт түрлерін таныстырып, сүйікті спортшыларын ағылшын тілінде сипаттады.
4-сынып (А.Сентайқызы): "Planets"
Оқушылар ғаламшарлар атауын жаттап, түрлі қызықты тапсырмалар орындады және әр планета туралы ағылшын тілінде еркін сөйлеуге үйренді.
Апталық ерекше әсермен басталды! Алда да білім мен шығармашылыққа толы қызықты күндер күтіп тұр.