back-image
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі" КММ
Ағылшын тілі пәні апталығының қорытынды бесінші күні
25-04-2025 19:52
Ағылшын тілі пәні апталығының қорытынды бесінші күні
Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің “Ә.Бөкейханов атындағы мектеп-лицейі” КММ-де ағылшын тілі пәні апталығының қорытынды бесінші күні- “In the World of Poetry” болып аталып өтті. Әр сынып өз қабілеті мен таланты арқылы тіл сұлулығын, поэзияны және кітапқа деген махаббатын паш етті.
3–11 сыныптар арасында өткен “In the World of Poetry” іс-шарасында оқушылар сүйікті өлең жолдарын мәнерлеп оқып, өлеңдер арқылы өз сезімдері мен ойларын ағылшын тілінде жеткізді. Бұл шара әрбір оқушының поэзияға деген сүйіспеншілігін, шығармашылық қабілетін ашып, тіл меңгеруде жаңа белестерге жетуге ықпал етті.
 “There is no friend as loyal as a book” (Ernest Hemingway) атты флешмоб – оқушылар мен мұғалімдердің кітапқа деген шынайы адалдығын бейнелейтін ерекше сәт болды.Кітаптың әрқайсымыз үшін ең сенімді дос екендігіне сеніп, оқушылар мен мұғалімдер бірлесе кітаппен түрлі бейнемазмұндар жасап, шығармашылықтарын көрсетті. Бұл флешмоб қатысушылардың кітапты құрметтеу мен оқуға деген құштарлығын арттырды.
Ашық сабақтар:
7 “Б” сынып (А.Қ. Сәдуова): “Writing a short paragraph about their family’s eating habits” сабағында оқушылар отбасының тамақтану әдеттері туралы ағылшын тілінде эссе жазып, шығармашылықтарын көрсетті. Олар өздерінің сүйікті тағамдары мен отбасылық ас мәзірлерін сипаттап, мәдени және дәстүрлі тамақтану үрдістері туралы ой бөлісті. 
4 “Б” сынып (Н.Б. Барлыбай):“Journey into Space. Unit Revision” сабағы оқушыларды ғаламшарлар әлеміне саяхатқа шығарды.Олар Күн жүйесіндегі планеталар туралы білімдерін қайталап, постерлер жасап, ғаламшарлардың атауын, ерекшеліктерін ағылшын тілінде сипаттады.
Апталықтың қорытындысы:
Бұл апта – тек тіл апталығы емес, шығармашылық, достық, ынтымақтастық және шабыт апталығы болды.
Мұғалімдер – бағыт беруші, оқушылар – шабыт көзі болды.
Барша белсенді қатысқан оқушылар мен ұстаздарға шексіз алғыс білдіреміз! Әр күн есте қаларлықтай өтті!
Новости