
Мұғалімдер арасында ағылшын тілін дамыту үшін ІІI тоқсан аясында English Club ұйымдастырылды. Бұл «Nauryz Celebration» тақырыбындағы ағылшын тілінде еркін сөйлесуге бағытталған іс-шара.
Іс-шараның мақсаты:Ұлттық мереке — Наурыз туралы білімдерін кеңейту, қазақ халқының салт-дәстүрлерін насихаттау және құрметтеуге баулу, шығармашылық қабілеттерін арттыру. Сонымен қатар"Nauryz Quiz" – Наурыз мерекесіне байланысты ағылшын тіліндегі сұрақтарға жауап беру. "Nauryz Speech" – Наурыз туралы ағылшын тілінде қысқаша баяндама жасау. "Poster Presentation" – Наурыз тақырыбында постер жасап, оны ағылшын тілінде таныстыру. Іс-шара өте жоғары деңгейде өтті. Мұғалімдер белсенділік танытып, өз білімдері мен шығармашылықтарын ағылшын тілінде еркін жеткізе алды. English Club мүшелері үшін бұл тәжірибе пайдалы әрі қызықты болды. Алдағы уақытта осындай ұлттық тақырыптағы шараларды жиі ұйымдастыру ұсынылады.