back-image
"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Лауазым: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ
09-08-2022 11:09
Лауазым: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ

Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№1 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесі  азаматтық қызметкерлер лауазымдарының уақытша бос орындарына орналасуға конкурс жариялайды.

 

1.      Лауазым: ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГ- 1 бірлік

Атауы: Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің  «№1 мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Негізгі бағыты:жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады.

Орналасқан орны(мекен-жайы): 101600, Қарағанды облысы, Шахтинск  қаласы,  Парковая  көшесі, 23/1 құрылыс, телефон 8(72156)39335, E-mail: shahtinsk_gimn1@krg.gov.kz.

Азаматтық қызметкердің лауазымдық жалақысы:

Буын

Саты

 Қызмет атқарған жылдарына байланысты лауазымдық жалақысы(теңге)

бастап

дейін

В 2

4

109 013

129 763

В 2

3

118 304

139 363

В 2

2

119 233

139 673

В 2

1

127 905

147 106

Конкурс қатысушыларына қойылатын жалпы біліктілік талаптар:

жоғары педагогикалық білімі немесе "Әлеуметтік педагог" бағыты бойынша кәсіптік білімі немесе педагогикалық қайта даярлығын растайтын құжат, жұмыс стажына талап қойылмайды;;

және (немесе) біліктілігінің жоғары деңгейі болған жағдайда педагог-шебер үшін педагогикалық жұмыс өтілі-5 жыл;

және (немесе) біліктілігінің жоғары және орта деңгейі болған кезде педагогикалық жұмыс өтілі: педагог-модератор үшін кемінде 2 жыл, педагог-сарапшы үшін кемінде 3 жыл, педагог-зерттеуші үшін кемінде 4 жыл.

Лауазымдық міндеттері:

     жеке тұлғаның психологиялық-медициналық-педагогикалық ерекшеліктерін және оның шағын ортасын, өмір сүру жағдайларын зерделейді, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің мүдделері мен қажеттіліктерін, проблемаларын, жанжалды жағдайларын, мінез-құлқындағы ауытқуларды анықтайды және оларға әлеуметтік көмек пен қолдауды уақтылы көрсетеді;

     әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың міндеттерін, нысандарын, әдістерін, баланың жеке және әлеуметтік проблемаларын шешу тәсілдерін айқындайды, білім алушылардың, тәрбиеленушілердің жеке басының құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда әлеуметтік қорғау және әлеуметтік көмек бойынша шаралар қабылдайды;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және ұйым, отбасы, орта, әртүрлі әлеуметтік қызметтердің, ведомстволар мен әкімшілік органдардың мамандары арасында делдал болады;

       жеке тұлғаның қоғамдағы өмірге бейімделуін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдарында және тұрғылықты жері бойынша білім алушыларды, тәрбиеленушілерді тәрбиелеу, білім беру, дамыту және әлеуметтік қорғау жөніндегі шаралар кешенін жүзеге асырады;

      жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, кемтар балалардың, мүгедек балалардың, бала кезінен мүгедектердің патронат, тұрғын үймен, жәрдемақылармен, зейнетақылармен, мүліктік және мүліктік емес құқықтармен қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      сабақтан тыс уақытта білім алушылардың, тәрбиеленушілердің таланттарын, ақыл-ой және дене қабілеттерін дамыту үшін жағдай жасайды;

      әлеуметтік ортада адамгершілік, адамгершілік сау қарым-қатынас орнатуға ықпал етеді;

      білім алушылар, тәрбиеленушілер және мемлекеттік, қоғамдық ұйымдар мен әлеуметтік қызметтер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді;

      педагогтармен, ата-аналармен және өзге де заңды өкілдермен өзара іс-қимыл жасайды;

       білім беру процесі кезеңінде білім алушылардың, тәрбиеленушілердің өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді;

      білім беру ұйымдарында білім беретін оқу бағдарламаларын әзірлеуге, бекітуге және іске асыруға қатысады;

      білім алушылар мен тәрбиеленушілер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар

Білуге міндетті:

Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,

оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;

       педагогика мен психологияны,

       пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,

       оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,

      еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2)жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Конкурсты өткізу мекен жайы: 101600,Қарағанды облысы, Шахтинск  қаласы,  Парковая  көшесі, 23/1 құрылыс,Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің  «№1 мектеп -  гимназиясы»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон 8(72156)39335, E-mail: shahtinsk_gimn1@krg.gov.kz.

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті  жұмыс күні ішінде жүргізіледі.Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 17.00-ға дейін  жүзеге асырылады.

Құжаттарды  қабылдау басталған күн, уақыты: 10.08.2022ж.,09.00 сағ.

Құжаттарды қабылдау аяқталған  күн, уақыты: 18.08.2022ж., 17.00 сағ.

Новости