Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату алгоритмі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен пе«Бекітемін»
Қарағанды облысының білім басқармасының басшысы
Кожахметова Г.Ш._________________
2023 жылғы « » қаңтар
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін лауазымдарға тағайындау, лауазымдардан босату
алгоритмі
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығы
«Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау,
лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы»
(Қағидалар жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 22.12.2022 № 513)
р/с № Педагогтерді лауазымдарға тағайындау, босату тәртібі Орындаушылар Аяқтау нысаны Мерзімі
1. Шағын жинақталған мектептерді қоспағанда, педагогтердің қолда бар бос және (немесе) уақытша бос лауазымдарына мемлекеттік білім беру ұйымы конкурс өткізеді.
Білім беру ұйымдары Конкурс Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі
2. Конкурсқа педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларына сәйкес келетін және осы көрсетілген тізбеге сәйкес құжаттарды ұсынған педагогтер қатысады. Білім беру ұйымдары Конкурс
3. Конкурс Қазақстан Республикасы "Педагог мәртебесі туралы" Заңына сәйкес педагогтер үшін айқындалған нормативтік оқу жүктемесінің 50% - ы және одан да көп сағат есебіне сүйене отырып, сағат болған кезде педагогтың бос және (немесе) уақытша бос лауазымына және еңбек заңнамасы шеңберінде жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығының 50% - дан астамы режимінде жұмыс істейтіндер үшін өткізіледі. (Бос лауазымдардағы әр педагогке сағат саны педагогтің бір жарым ставкасынан аспауы керек). Білім беру ұйымдары Конкурс
4. Конкурсты ұйымдастыру тәртібі мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) білім беру ұйымының және (немесе) тиісті деңгейдегі білім беруді басқару органының Интернет-ресурсында және (немесе) әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында және (немесе) мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі арқылы конкурс өткізу туралы хабарландыруды жариялау;
2) конкурсты өткізу күні мен орнын айқындау және конкурстық комиссияны қалыптастыру;
3) конкурсқа қатысуға ниет білдірген кандидаттардан құжаттарды қабылдау;
4) кандидаттар құжаттарының Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген біліктілік талаптарына сәйкестігін қарау;
5) конкурстық комиссияның қорытынды отырысы. Білім беру ұйымдары Конкурс кезеңдері
5. Конкурс өткізу туралы хабарландыру мынадай мәліметтерді қамтиды:
1) орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген бос және (немесе) уақытша бос лауазымы (сағаты) бар білім беру ұйымының атауы;
2) негізгі функционалдық міндеттері, еңбекке ақы төлеу мөлшері мен шарттары белгіленген бос және (немесе) уақытша бос лауазымның атауы;
3) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген кандидатқа қойылатын біліктілік талаптары;
4) құжаттарды қабылдау мерзімі Конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
5) қажетті құжаттар тізбесі;
6) уақытша бос лауазымға конкурс өткізу кезінде педагогтің уақытша бос лауазымының мерзімі. Білім беру ұйымдары Мәлімет
6. Конкурсты өткізу мерзімі және конкурстық комиссияның құрамы мемлекеттік білім беру ұйымының бұйрығымен айқындалады. Білім беру ұйымдары Директор бұйрығы
7. Конкурстық комиссия кемінде комиссияның бес мүшесінен, оның ішінде комиссия мүшелерінің арасынан сайланатын төрағадан тұратын алқалы орган болып табылады. Конкурстық комиссия құрамына білім беру ұйымы әкімшілігінің өкілдері, тиісті деңгейдегі әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) немесе білім беру ұйымының, азаматтық қоғамның әдіскерлері, аудандық (қалалық) білім бөлімінің мамандары, педагогтер кіреді. Конкурстық комиссияның құрамына олармен келісім бойынша басқа білім беру ұйымдарының өкілдерін енгізуге рұқсат етіледі. Конкурстық комиссияның хатшысы конкурстық комиссия отырыстарын ұйымдастырады, оның мүшесі болып табылмайды. Конкурстық комиссияның қатыспаған мүшелерін алмастыруға жол берілмейді. Конкурстық комиссияның қызметінде мүдделер қақтығысы туындаған жағдайда конкурстық комиссияның құрамы қайта қаралады. Конкурстық комиссияның құрамын өзгерту білім беру ұйымы басшысының шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Конкурстық комиссияның отырыстары төраға, отырысқа қатысқан Комиссия мүшелері және хатшы қол қойған хаттамамен ресімделеді.
Конкурстық комиссияның отырысы, егер оған комиссияның жалпы құрамының кемінде үштен екісі қатысса, өтті деп, ал оның шешімі заңды деп есептеледі.
Конкурстық комиссияның отырыстары аудио-бейне жазбамен сүйемелденеді. Аудио-бейне жазбалар білім беру ұйымдарында бірінші отырыс өткізілген күннен бастап бір жыл бойы сақталады. Білім беру ұйымдары Конкурстық комиссия хаттамасы
8. Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған соңғы күннен бастап жеті жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Білім беру ұйымдары Құжаттарды қабылдау 7 жұмыс күні
9. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген адам хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде келесі құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) тиісті құжаттардың тізбесін көрсете отырып, Конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электронды құжат (идентификация үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
7) психоневрологиялық ұйымнан анықтама;
8) наркологиялық ұйымнан анықтама;
9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератордан төмен емес қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша шекті деңгейі кемінде 90% сертификаттау нәтижелері туралы сертификаты немесе педагог-модератордың немесе педагог-сарапшының, немесе педагог-зерттеушінің немесе педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса) немесе Celta сертификаты (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) pass a; Delta (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS) – 6,5 балл; немесе TOEFL (TOEFL) (интернетке негізделген тест (IWT)) - 60-65 балл; болу керек.
11) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында арнайы пәндер бойынша педагогтер және өндірістік оқыту шеберлері лауазымдарына педагогикалық қызметке кіріскен, тиісті мамандық немесе бейін бойынша өндірісте кемінде 2 жыл жұмыс өтілі бар педагогтер сертификаттаудан өтуден босатылады.
12) педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы.
13) тәжірибе жоқ кандидаттың бейнепрезентациясы кемінде 15 минут, ең төменгі ажыратымдылығы – 720 x 480. Білім беру ұйымдары Құжаттарды қабылдау 7 жұмыс күні
10. Кандидат болған жағдайда оның біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми/академиялық дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері, алдыңғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар) ұсынады.
Хабарламада көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтару үшін негіз болып табылады. Білім беру ұйымдары Құжаттарды қабылдау 7 жұмыс күні
11. Мемлекеттік ұйым кандидаттың құжаттарын қабылдағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны туралы мәліметтердің болуы не болмауы туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Ақпараттық сервисі арқылы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне, сондай-ақ педагог мәртебесі туралы Заңнаманы бұзу туралы сұрау салуды Білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету аумақтық департаментке жолданады.
Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жұмысқа орналасуға тыйым салатын сыбайлас жемқорлық қылмыс және/немесе қылмыстық құқық бұзушылық және/немесе педагог мәртебесі туралы заңнаманы бұзушылық жасалғаны туралы мәліметтер анықталған кезде педагог кез келген кезеңде конкурстан шеттетіледі. Білім беру ұйымдары Сұраныс 3 жұмыс күні
12. Комиссия құжаттарды қабылдау аяқталған күннен кейін бес жұмыс күні ішінде кандидаттардың құжаттарының педагогтердің үлгілік біліктілік талаптарымен бекітілген Біліктілік талаптарына сәйкестігін қарауды жүргізеді.
Біліктілік талаптарына сәйкестікке кандидаттардың құжаттарын қарау нәтижелері бойынша конкурстық комиссия бағалау парағында кандидат көрсеткен балдарды есептеуді жүзеге асырады.
Конкурс қорытындысы бойынша шешімді конкурстық комиссия жинаған балдары негізінде қабылдайды. Білім беру ұйымдары Құжаттарды қарау 5 жұмыс күні
13. Ең көп балл жинаған кандидат конкурстан өткен болып есептеледі және мемлекеттік білім беру ұйымының бірінші басшысына тағайындауға ұсынылады.
Кандидаттардың балл саны тең болған жағдайда конкурстық комиссия әңгімелесу өткізу туралы шешім қабылдайды, нәтижесі бойынша қызметке тағайындауға кандидат айқындалады.
Конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда Комиссияның кез келген мүшесі өз пікірін баяндайды, ол комиссия отырысының хаттамасына қоса беріледі.
Конкурстық комиссияның шешімі хаттамамен ресімделеді, оған комиссия төрағасы мен мүшелері, сондай-ақ хаттамалауды жүзеге асыратын хатшы қол қояды. Білім беру ұйымдары Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді 5 жұмыс күні
14. Әңгімелесуге қатысқан, бірақ тағайындауға ұсынылмаған кандидатты конкурстық комиссия кадр резервіне енгізуді ұсынады.
Кадр резервінде болу мерзімі кадр резервіне алынған сәттен бастап бір жылды құрайды.
Кадр резервіне алынған кандидаттар конкурс жарияланған кезде конкурстық комиссиямен әңгімелесу кезеңінен өтеді. Білім беру ұйымдары Кадр резервіне енгізу 1 жыл
15. Конкурс нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында, конкурстық комиссияның қорытынды отырысы өткізілетін күні ұйымның әлеуметтік желілерінің ресми аккаунттарында жарияланады.
Педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген және конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған біліктілік талаптарына сәйкес келетін кандидатпен білім беру ұйымының басшысы еңбек шартын жасасады және жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шығарады.
Конкурстық комиссияның оң қорытындысын алған кандидат еңбек шартын жасасудан бас тартқан кезде білім беру ұйымының басшысы кадр резервіне алу үшін конкурстық комиссия ұсынған кандидатпен еңбек шартын жасасады. Білім беру ұйымдары Конкурс нәтижелері мемлекеттік білім беру ұйымының Интернет-ресурсында жарияланады
Еңбек шарты, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық 30.05.2021 ж. дейін
16. Егер конкурс нәтижесінде Комиссия бос лауазымға орналасуға кандидаттарды анықтамаса, конкурс өтпеді деп танылады.
Конкурс нәтижелері туралы хабарламаны кандидатқа автоматты түрде конкурс комиссиясының хатшысы электрондық поштаға жібереді немесе өтініште көрсетілген телефон арқылы хабарланады.
Кандидаттар оларға қатысты бөлігінде конкурстық құжаттармен және комиссияның шешімімен танысады. Білім беру ұйымдары Конкурстық комиссия шешімі хаттамамен ресімделеді 5 жұмыс күні
17. Бір пән бойынша аптасына 8 сағаттан кем ставкаға қосымша педагогтер конкурссыз жұмысқа қабылданады.
Шағын жинақталған мектепті қоспағанда, пән мұғалімінің бос сағаты мұғалімдер арасында бөлінбейді.
Бос лауазымға кандидат оқу жылының басында анықталмаған кезде, оқу жылы ішінде бос сағаттар білім беру ұйымының педагогтері арасында бөлінеді және (немесе) педагог және (немесе) қоса атқарушы педагог уақытша қабылданады. Білім беру ұйымдары Еңбек шарты, жұмысқа қабылдау туралы бұйрық
18. Кандидат конкурстық комиссияның шешімімен келіспеген жағдайда, конкурс нәтижелеріне Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің нормаларына сәйкес шағым жасалады.
Конкурстық комиссияның шешіміне конкурсқа қатысушылар жоғары тұрған органның апелляциялық комиссиясында немесе сот тәртібімен шағымданады. Білім беру ұйымдары Шағымдану
19. Педагог лауазымынан босату Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 49-бабында көзделген негіздер бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтерін босатуды ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) білім бөлімімен келісім бойынша білім беру ұйымы жүзеге асырады. Білім беру ұйымдары Жұмыстан босату,
білім бөлімімен келісу
|
2023-07-21 14:11:03 |
Скачать
Смотреть
|