Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығына белсенді қатыса
Құрметті Шахтинск аймағының тұрғындары!
Сіз мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында берілетін Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығына белсенді қатыса аласыз.
Сыйлық ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық жемісті қызметі үшін, жастар арасында танылған, Шахтинск қаласының 14-тен 28 (қоса алғанда) жасқа дейінгі жас азаматтарына келесі номинациялар бойынша беріледі:
- «Бас жүлде»;
- «Жылдың жас спортшысы»;
- «Жылдың үздік оқушысы»;
- «Жас өнер қайраткері»;
- «Батыл жүрек»;
- «Жыл еріктісі»;
- «Жылдың жас маманы».
«Гран-при» номинациясы бойынша жеңімпазды комиссия мүшелері басқа номинацияларға қатысуға өтінім берген қатысушылар арасынан таңдайды.
«Батыл жүрек» номинациясы ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне беріледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2022 жылғы 16 қарашадан сағат 15:00-ден 2022 жылғы 07 желтоқсанға дейін сағат 18:00-ге дейін.
Жұмыстар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
1. Жастар ресурстық орталығы - (Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101), жұмыс телефоны: 8 (72156)53529, ұялы телефон 87789445111, 87787137727, 87759895868.
2. Ішкі саясат бөлімі – (Шахтинск қаласының әкімдігі, Шахтинск қаласы, Абай Құнанбаев даңғылы, 50 А), жұмыс телефоны: 8 (72156) 51595, ұялы телефон 87755532070.