back-image
"Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Организации> "Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің "Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
1 ақпаннан бастап 121 облыстық (Шахтинск-Қарағанды-Шахтинск) бағыты бойынша жол жүру ақысын ONAY бірыңғай көлік картасымен төлеу шартымен 80 теңгені құрайтын бірыңғай тариф жұмыс істей бастады.
17-03-2023 12:14
1 ақпаннан бастап 121 облыстық (Шахтинск-Қарағанды-Шахтинск) бағыты бойынша жол жүру ақысын ONAY бірыңғай көлік картасымен төлеу шартымен 80 теңгені құрайтын бірыңғай тариф жұмыс істей бастады.
Құрметті Шахтинск қаласының ата-аналары!
 
1 ақпаннан бастап 121 облыстық (Шахтинск-Қарағанды-Шахтинск) бағыты бойынша жол жүру ақысын ONAY бірыңғай көлік картасымен төлеу шартымен 80 теңгені құрайтын бірыңғай тариф жұмыс істей бастады. Осыған орай, балалардың билеттің жалпы құнының 50 пайызын төлей отырып, жеңілдетілген жол жүру ақысын алу құқығын іске асыру мақсатында ONAY балалар картасын алу үшін сынып жетекшілері арқылы өтініш беру қажет. Баланың 3*4 немесе 3,5*4,5 түрлі-түсті фотосуретін, баланың туу туралы куәлігін (көшірме) ұсыну қажет. Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін ата-аналар бұл картаны алу үшін 500 теңге төлейді және білім бөлімі оның мектепке жеткізілуін орталықтандырылған түрде қамтамасыз етеді. 2023 жылғы 16 наурыздағы жағдай бойынша бұл жеңілдік карталарын тек 1035 оқушы алған. Осыған орай, осы картаны орталықтандырып алу мүмкіндігін пайдалануды сұрайды.
 
ҚО ББ «Шахтинск қаласының білім бөлімі» ММ
Новости