28.12.2023 жылы "Қысқы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері"тақырыбында сынып сағаты өткізілді.

Сынып сағаттарында қауіпсіздік және жаңа жылдық мерекелерді өткізу, пиротехниканы пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі ережелері туралы нұсқаулық өткізілді. Мұз айдынында, мұз сырғанағында, сондай-ақ көктайғақ кезінде жүріс-тұрыс ережелері туралы еске түсірдік. Сондай-ақ, қыс мезгілінде жол қозғалысы қауіпсіздігі ережелері туралы ұмытқан жоқпыз. Балалар қыста жолда, мұзда жүріс-тұрыс үлгілерін талқылады және келтірді.