Робототехника жарысы

8 ақпанда «Робототехника» үйірмесінің оқушылары арасында «Басқарылатын робот футболы» аталымы бойынша мектепішілік іріктеу жарыстары өтті. Жігіттер командаларда роботтарды құрастырып, қашықтан басқарды. Николай Кузнецов пен Глеб Пономарев ұсынатын «Нави» командасы 1 орынды иеленді. Бұл команда қалалық жарыстарда мектеп намысын қорғайды.