
18 маусымда Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында қамқоршылық кеңестің отырысы өтті. Отырыста аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушылар үшін қала сыртындағы және мектеп жанындағы жолдамалардың бағыттарын ұйымдастыру, мектеп-гимназияға ағымдағы және алдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, сондай-ақ информатика, химия, биология, математика жаңа кабинеттерін алу мәселелері қаралды. Қамқоршылық кеңес мүшелері шағын экскурсия барысында мектепте жүргізіліп жатқан жаңа кабинеттер мен қыздар мен ұлдарға арналған санитарлық бөлмелерді жөндеу және толықтырумен танысуға мүмкіндік алды.