2024 жылдың 13 қарашасында Бұқар Жырау атындағы орталық қалалық кітапхананың қызметкері Ш. Уәлиханов атындағы мектеп - гимназияның 10 сынып оқушыларына Дүниежүзілік мейірімділік күніне арналған "Өмір сүру - жақсылық жасау" атты мейірімділік сабағын өткізді.
Іс-шараның басында кітапханашы Дүниежүзілік мейірімділік күнінің пайда болу тарихы туралы айтып берді. Содан кейін оқушыларға "Дүниежүзілік мейірімділік күні" бейнесін көру ұсынылды. Іс-шара барысында мейірімділік туралы өлеңдер мен әндер айтылды. Сондай-ақ, балалар "Жақсылық бумерангы", "Жақсылық жеңеді" бейнероликтерін көріп, бейнені талқылап, өз пікірлерімен бөлісті, өмірдегі жағдайлары туралы айтты. Іс-шара "Жақсылық туралы мақал оқы"ойынымен аяқталды.