БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАЛДЫ
            
            
                        
	БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМДАРЫНДА «ЕСІРТКІГЕ ЖОЛ ЖОҚ!» ЧЕЛЛЕНДЖІ БАСТАЛДЫ
	⠀
	2025 жылғы 27-31 қаңтар аралығында республиканың барлық білім беру ұйымдарында «Есірткіге жол жоқ!»челленджі өтеді.
	⠀
	Бұл іс-шараның мақсаты салауатты өмір салтын насихаттау, балалардың физикалық, психологиялық және эмоционалдық әл-ауқатына жәрдемдесу, сондай-ақ жаман әдеттерден бас тартуға саналы көзқарасты қалыптастыру болып табылады.
	⠀
	Челлендж аясында жоспарланған іс-шаралар:
	⠀
	интерактивті дәрістер мен шеберлік сыныптары;
	тақырыптық конкурстар, викториналар және спорттық іс-шаралар;
	оқушылардың, педагогтердің және ата-аналардың қатысуымен өтетін флешмобтар;
	«Денсаулық – бұл таңдау!» ұранымен өтетін балалардың шығармашылығы мен плакаттар көрмесі.
	⠀
	✔️Барлық оқушыларды, ата-аналар мен педагогтерді челлендж іс-шараларына белсенді қатысуға және салауатты және саналы болашақ үшін қозғалыстың бір бөлігі болуға шақырамыз!
	⠀
	Жаман әдеттерсіз өмірге бірге қадам жасайық!
            
                        
                        