24.02.2025 ж. "Адамзатқа қатысты сот: табиғат ластаушыларға қарсы"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.

24.02.2025 ж. "Адамзатқа қатысты сот: табиғат ластаушыларға қарсы"тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өтті.
Іс-шара театрландырылған сот отырысы түрінде өтті. Оқушылар бірнеше топқа бөлінді: айыптау жағы (табиғат), қорғаныс жағы (адамзат), куәгерлер (орман, өзен, ауа, жер, Жануарлар), ластаушы заттардың өкілдері (зауыттар, автомобильдер, бейсаналық тұтынушылар), сондай-ақ көрермендер.
Оқушылар көпшілік алдында сөйлеу және командада жұмыс істеу тәжірибесіне ие болды.
Экологиялық мәселелер туралы хабардарлық артты.
Оқушылар күнделікті өмірде жүзеге асыра алатын Табиғатты қорғаудың нақты идеялары жасалды.
Іс-шара сәтті өтті, қызығушылық пен белсенді қатысуды тудырды.