
2 сәуірде Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің экономика, бизнес және құқық колледжінің оқытушылары мен студенттері Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушыларымен кездесті. Колледж студенттері өздерінің студенттік өмірі туралы, студенттің кәсіби, зияткерлік және әлеуметтік шығармашылыққа қабілетті азамат және өз елінің патриоты ретінде қалыптасуы, дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы және әлеуметтенуі үшін колледжде оңтайлы жағдай жасау туралы айтып берді. Оқушаылар осы колледжге түсу туралы ақпаратты білді.