
Емтихандар тапсырылды, аттестаттар табысталды — оқу жылы қаладағы 9-сынып оқушылары үшін де аяқталды. Енді олар — түлектер. Алда жаңа мақсаттар мен маңызды шешімдер тұр. Бүгін Қарағандыдағы №19 мектеп өз тарихындағы алғашқы тоғызыншы сынып түлектерін ұшырды.
Қарағанды қаласындағы келешек мектептердің бірінде аттестат тапсыру сәттері: салтанатты әрі жылы атмосферада түлектер мектепті аяқтағаны туралы аттестаттарын алды. Ұстаздар, ата-аналар мен түлектерді ортақ қуаныш, көтеріңкі көңіл-күй біріктірді, жүрекжарды тілектер айтылды.