ЖАЗҒЫ КАНИКУЛДА БАЛАЛАР ДЕМАЛАДЫ
ЖАЗҒЫ КАНИКУЛДА БАЛАЛАР ДЕМАЛАДЫ – ОҚУ-АҒАРТУ МИНИСТРЛІГІ
Оқу-ағарту министрлігі мамандардың ұсыныстары мен ғылыми зерттеулерінің нәтижелеріне зерттеу жүргізді. Осыған дейін мамандар оқу жылын маусым айының соңына дейін ұзарту және оқу жылын 20 тамыздан бастау мәселесін қарауды сұрап, министрлікке бірнеше рет жүгінген болатын.
Сарапшылар Қазақстан әлемдегі ең ұзақ каникул - 130 күн болатын елдердің қатарына кіретінін алға тартты. Ал басқа да елдерде каникул мерзімі 80-нен 100 күнге дейін. Сонымен қатар 5 күндік оқу аптасына көшкен кезде оқу күндерінің саны бірден 34 күнге азайды. Осылайша, орта есеппен алғанда, біздің еліміздегі оқу күндерінің жалпы саны шамамен 150 күн болса, дамыған елдерде бұл шамамен 200 күн. Сондай-ақ мамандар қосымша оқу апталарының қосылуы күнделікті сабақтың санын, яғни мұғалімнің де, оқушының да күнделікті оқу жүктемесін азайтатынын атап өтті. Алты күндік көптеген мектеп жаңа талапқа сай бес күндік оқу аптасына ауыса алады. Бұл педагогтер жұмысының тиімділігін арттырып, оқушылардың материалды меңгеруіне ықпал етеді. Бұл шешімдер күрделі тақырыптарды оқудың қарқынын төмендетеді, оқылған материалды қайталауға және бекітуге уақыт береді.
Бұл ретте өзгерістер жазғы демалысқа әсер етпейтінін түсіну маңызды. Яғни балалар 1 маусым мен 1 қыркүйек аралығында демалады.