2025 жылғы 9 қыркүйекте Шахтинск қаласы ІІБ ЖПҚ ЮПБ учаскелік полиция инспекторы, полиция майоры А.В. Таукенова Шахтинск қалалық білім бөлімінің әдіскері З.А. Сексеновамен бірлесіп, «№6 жалпы білім беретін мектеп» КММ-нің 7-сынып оқушыларымен «Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында түсіндірме жұмысын жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға келесі мәселелер ескертілді:
-
Құқыққа қайшы әрекеттер үшін қарастырылған жауапкершілік;
-
Қоғамдық орындардағы және мектептегі тәртіп ережелері;
-
Заңдар мен моральдық нормаларды сақтаудың маңыздылығы.
Шараға барлығы 85 оқушы қатысты.



