back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Еңбек күні
15-09-2023 16:37
Еңбек күні

«Еңбек –өмір мәні» десек, бұл мереке адал еңбегімен еліміздің дамуы мен өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып жүрген баршаңызға деген құрметтің көрінісі. Еңбек күнін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, кәсіби өсудің табысты оқиғаларын таныстыра отырып, еңбек адамдарын танымал ету мақсатында,«Менің жетістігім – менің нәтижем» тақырыбында ұстаздар мен оқушыларға түрлі мамандық иелері туралы ақпараттық танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Еңбегі адал жас өрен жобасы аясында 10-11 сынып оқушыларына "Ел бүгіншіл, менікі ертеңгі үшін" тақырыбында сынып сағаттары өткізілді. 5-9 сыныптар аралығында "Еңбек күнің ұйымдастыру, еңбекке баулу" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді.  1-4 сыныптарға "Адал азамат-Әділетті Қазақстан" тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді."Менің ата—анамның жұмыс орны" атты суреттер байқауы өткізілді.  

Новости