back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Бала құқығымен таныстыру
12-01-2026 20:21
Бала құқықтары туралы түсіндірме Балалардың құқықтарын қорғау – кез келген өркениетті қоғамның басты міндеттерінің бірі. Осы бағытта қабылданған ең маңызды халықаралық құжаттардың бірі – Бала құқығы туралы Конвенция болып табылады. Аталған Конвенция 1989 жылы 20 қарашада қабылданып, балалардың құқықтары мен бостандықтарын қорғаудың халықаралық негізін қалады. Конвенция 54 баптан тұрады және онда баланың өмір сүру, білім алу, денсаулық сақтау, отбасында тәрбиелену, қауіпсіз ортада өмір сүру сияқты негізгі құқықтары нақты көрсетілген. Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мақсатында Бала құқықтары жөніндегі уәкіл институты қызмет атқарады. Бұл институттың негізгі міндеті – балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ мемлекеттік және қоғамдық институттармен бірлесіп, балалардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қалпына келтіру болып табылады. Уәкіл балалардың өтініштерін қарап, олардың мәселелерінің заңды түрде шешілуіне ықпал етеді. Отбасы аясында баланың материалдық қамтамасыз етілуі де заңмен қорғалады. Заңмен бекітілген жағдайларда отбасы мүшелерінің бірі екіншісінің пайдасына төлеуге міндетті белгіленген қаражат алимент деп аталады. Алимент баланың өмір сүруі, білім алуы және күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге бағытталады. Балалардың тек құқықтары ғана емес, сонымен қатар белгілі бір міндеттері де бар. Атап айтқанда, жақсы оқу, білім беру мекемесі қызметкерлері мен басқа оқушылардың ар-намысы мен абыройын сыйлау, сондай-ақ мекеме қызметкерлерінің ішкі тәртіпті сақтауға арналған талаптарын орындау – баланың мектептегі міндетіне жатады. Бұл міндеттер оқушылардың жауапкершілігін арттырып, қоғамда тәртіп пен өзара сыйластықты қалыптастырады. Сонымен бірге әрбір баланың өз дербестігін сақтау құқығы бар. Бұл құқық баланың жеке тұлға ретінде танылуын білдіреді. Баланың дербестік белгілеріне оның аты-жөні мен тегіне ие болу құқығы жатады. Бұл – баланың жеке басын, тұлғалық ерекшелігін айқындайтын маңызды құқықтардың бірі. Білім мен тәрбие мәселесіне қатысты ұлы ойшылдардың да айтқан тағылымды сөздері бар. Қазақ халқының көрнекті ағартушысы Ахмет Байтұрсынұлы: «Егер адамдарға басты байлық – денсаулық болса, жанның басты байлығы – білім мен өнер» деп атап көрсеткен. Бұл ой білімнің бала дамуы мен болашағы үшін қаншалықты маңызды екенін айқындайды. Қорытындылай келе, бала құқықтарын білу – әрбір баланың өз болашағын сенімді қорғауының кепілі. Ал осы құқықтар мен міндеттерді сақтау – қоғамның ортақ жауапкершілігі болып табылады.
Новости