back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
Құрметті Шахтинск аймағының тұрғындары! Сіз мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында берілетін Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығына белсенді қатыса аласыз.
12-10-2023 14:33
Құрметті Шахтинск аймағының тұрғындары! Сіз мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында берілетін Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығына белсенді қатыса аласыз.
Құрметті Шахтинск аймағының тұрғындары!
Сіз мемлекеттік жастар саясатын іске асыру, қаланың жастар қозғалысын дамытуды ынталандыру мақсатында берілетін Шахтинск қаласы әкімінің «Жастар» сыйлығына белсенді қатыса аласыз.
Сыйақы ғылыми, шығармашылық, кәсіби және қоғамдық  жемісті қызметі үшін, жастар арасында танылған, Шахтинск қаласының 14-тен 34 (қоса алғанда) жасқа дейінгі жас азаматтарына келесі номинациялар бойынша беріледі:
- «Бас жүлде»;
- «Жылдың жас спортшысы»;
- «Жылдың үздік оқушысы»;
- «Жас өнер қайраткері»;
- «Батыл жүрек»;
- «Жыл еріктісі»;
- «Жылдың жас маманы».
«Бас жүлде» номинациясы бойынша жеңімпазды комиссия мүшелері басқа номинацияларға қатысуға өтінім берген қатысушылар арасынан таңдайды.
«Батыл жүрек» номинациясы ҚР ІІМ, ҚР Қорғаныс министрлігі, ҚР ТЖМ құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлеріне беріледі.
Құжаттарды тапсыру мерзімі: 2023 жылғы 11 қазаннан сағат 16:00-ден 2023 жылғы 19 қазанға дейін сағат 16:00-ге дейін.
Жұмыстар келесі мекен-жай бойынша қабылданады:
1. Жастар ресурстық орталығы - (Шахтинск қаласы, Қазақстан көшесі, 101), жұмыс телефоны: 8 (72156)53529, ұялы телефон 7 700 000 1040
Новости