back-image
"Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> "Санжар Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі" КММ
БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІ
27-12-2024 16:12
БАЛАЛАРДЫҢ ҚЫСҚЫ ДЕМАЛЫС КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІГІ
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ата-аналарды негізгі сақтық шараларын сақтау қажеттігі туралы ЕСКЕРТЕДІ:
 1.МҰЗ АЙДЫНЫНДА ЖӘНЕ ТӨБЕШІКТЕН СЫРҒАНАУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК •Балалардың рұқсат етілмеген, мұзы жұқа айдындары мен су айдындарында болуына жол бермеңіз. •Қысқы спорт түрлеріне арналған жабдықтың (шана, коньки) жарамдылығы мен қауіпсіздігін тексеріңіз.
 
2. ЖОЛДА ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІГІ •Балаңызға жолдан, әсіресе көктайғақ кезінде, қауіпсіз өту ережелерін түсіндіріңіз.
 
3.СЫРҒАНАЙТЫН ОРЫНДЫ ЖӘНЕ ОНДА БОЛУ УАҚЫТЫН БАҚЫЛАУ •Балалардың, әсіресе адамдар көп жиналатын жерлерде, үнемі ересектердің бақылауында екеніне көз жеткізіңіз. •Балаңызбен үйге қайту уақыты мен байланыс тәсілдері туралы келісіңіз.
 
4. ӨРТ ҚАУІПСІЗДІГІ •Балаңызға отты және электр құрылғыларын, әсіресе жаңа жылдық гирляндаларды, шамдар мен бенгал ұшқындарын қолдануға байланысты ережелерді түсіндіріңіз. •Сіріңке мен оттықтарды балалардың қолы жетпейтін жерде сақтаңыз. Сонымен қатар, Министрлік балалардың эмоционалды және психологиялық қауіпсіздігінің маңыздылығына назар аудартады. Қысқы демалыс – бұл отбасымен бірге болу, қызығушылықтар мен шығармашылық әрекеттерді дамыту уақыты. Балаларыңыздың бос уақыттарын қалай өткізетініне көңіл бөліңіздер.
Балалардың қауіпсіздігі – біздің ортақ жауапкершілігіміз. Балаларымыздың қысқы демалысы жарқын, көңілді және қауіпсіз өтсін!
Новости