2021 жылғы 3 қыркүйекте Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласының білім бөлімінің "№11 ЖББМ" КММ-де ЕББҚ бар оқушылармен оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеттерінің салтанатты ашылуы өтті.
Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу кабинеттері білім беру мекемесінде педагог-психологтың, педагог-дефектологтың және логопедтің: диагностикалық, түзету-дамытушылық, консультациялық, психопрофилактикалық жұмыстардың кәсіби қызметінің негізгі бағыттарын жүзеге асыруға арналған базалық бөлмесі болып табылады.
Іс-шараға ата-аналар мен мектеп оқушылары шақырылды. Мектеп директоры Г. У. Какенбаева білім беру процесінің барлық қатысушыларына арналған құттықтау сөз сөйледі.
Оқушылардың ата-аналары балалармен түзету және дамыту жұмыстарына жағдай жасағаны үшін үлкен алғыстарын білдірді.