back-image
КГУ "Общеобразовательная школа №11"
Организации> КГУ "Общеобразовательная школа №11"
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
05-05-2023 16:29
Құрметті болашақ бірінші сынып оқушыларының ата-аналары.
Өздеріңіз білетіндей, 2020 жылы балаларды мектепке қабылдау ережелеріне Министрлік өзгерістер енгізді. Енді 1 сыныпқа құжаттарды қабылдау жыл сайын 1 сәуір мен 1 тамыз аралығында өтеді.
1 сыныпқа 6 жастағы балалар қабылданады. Сонымен қатар, 31 желтоқсанға дейін алты жасқа толған балалар да бірінші сыныпқа бара алады.
 
Азаматтарға ыңғайлы болуы үшін қызмет толықтай автоматтандырылған және eGOV.kz порталы арқылы көрсетіледі.
 
Қандай құжаттар қажет?
• Ата-ананың өтініші (электронды түрде қалыптасады)
• Туу туралы куәлік (электронды түрде қалыптасады)
• Баланың денсаулық паспорты (026/у-3 нысаны)
• Егу паспорты (065/у нысаны)
• Баланың суреті (3*4 өлшемді)
 
Балаларды мектепке қабылдау ережелері туралы барлық сұрақтар бойынша Шахтинск қаласының білім бөлімінің 6-48-91 нөміріне хабарласып, әлеуметтік желілер мен БАҚ арқылы өзекті ақпаратты білуге болады.
 
Біздің болжамымыз бойынша, биыл бірінші сыныпқа 775 бала барады. Бүгінгі күні 1 сыныпқа 442 бала қабылданса, 333 бос орын бар екенін хабарлаймыз. Бос орындар бар мектептер:
Ш.Уәлиханов атындағы мектеп - гимназиясы - 42 орын
С.Сейфуллин атындағы мектеп - гимназиясы - 17 орын
Е.Бөкетов атындағы жалпы білім беретін мектебі - 35 орын
С.Асфендияров атындағы жалпы білім беретін мектебі - 26 орын
№ 2 жалпы білім беретін мектебі - 39 орын
№ 4 жалпы білім беретін мектебі - 36 орын
№ 6 жалпы білім беретін мектебі - 26 орын
№ 7 жалпы білім беретін мектебі - 38 орын
№ 8 жалпы білім беретін мектебі - 10 орын
№ 11 жалпы білім беретін мектебі - 51 орын
№ 12 жалпы білім беретін мектебі - 13 орын.
 
1 сыныпқа құжаттарды қабылдау 1 тамызда аяқталады.
Новости