документального фильма на тему «Закладка»
«№11 ЖББМ» КММ-де 2024 жылдың 19 қарашасында 8-11 сынып оқушылары үшін «Закладка» тақырыбында деректі фильмнің көрсетілімі ұйымдастырылды. Фильм нашақорлық жүйесінің өндірушілер мен дистрибьюторлардан бастап түпкі тұтынушыларға дейінгі әртүрлі деңгейлерде қалай жұмыс істейтінін көрсетеді. Оқушылар өмірден алынған мысалдар, полиция қызметкерлерімен, нашақорлар және олардың отбасыларымен, сондай-ақ нашақорлықпен күресу саласындағы мамандармен сұхбаттар көрсетіледі.
Қазіргі заманғы технологиялардың, мысалы, жедел хабаршылар мен криптовалюталардың қылмыстық әрекеттің анонимді болуына қалай ықпал ететініне ерекше назар аударылады. Бұл құбылыспен күресу шаралары оның ішінде мемлекеттік ұйымдардың күшімен және волонтерлік ұйымдар азаматтардың бастамашыл топтарының күш-жігері бірігіп шара қолдану қарастырылуда.
Фильмді көру арқылы мәселенің ауқымы туралы, сонымен қатар әрқайсымыз өз болашағымыз үшін жеке жауапкершілікпен қарауымыз қажет екендігі туралы ойландырады. Оқушылар нашақорлықпен күресу тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес, жастардың осы қауіпті жолға түсіп кетпеуі үшін қоғамның бірлескен жұмысы екенін түсінеді.
Қамтылғандар: 203 оқушы, 11 мұғалім