«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» – әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылық мәселесіне назар аударуға, сондай-ақ теңдік пен құрмет идеяларын ілгерілетуге бағытталған халықаралық науқан. Ол жыл сайын 25 қарашадан (Халықаралық әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықты жою күні) 10 желтоқсанға (Адам құқықтары күні) дейін өтеді.Акция аясында қоғамға мәселенің ауқымын түсінуге және оның алдын алу шараларын қабылдауға бағытталған танымдық іс-шаралар, дәрістер, тренингтер, ынтымақтастық акциялары және басқа да бастамалар өткізілді. Басты мақсат – әрбір адам зорлық-зомбылықтан қорғалатын қауіпсіз кеңістік құру.
«Зорлық-зомбылықсыз 16 күн» акциясы аясында.