«Менің көңіл-күйімнің түсі»
2025 жылдың 11 қарашасында мектеп психологы психолог сағаты аясында 2-сынып оқушыларымен «Біздің қызығушылықтарымыз достықты нығайтады» тақырыбында сабақ өткізді. Балалар «Менің көңіл-күйімнің түсі», «Мақалдарды шифрдан шығару», «Түрлі болсақ та – бір-бірімізге ұқсаймыз!» сияқты қызықты жаттығулар мен ойындарға қатысты.
Сабақ барысында оқушылар адал, тәртіпті адам болудың мәнін талқылап, өзгелердің сезімін түсінуді, достарын қолдауды және сыныптастарының жетістіктеріне қуана білуді үйренді. ????????
Психолог сағаты аясындағы бұл сабақ балаларға бір-бірін жақсырақ танып, ортақ қызығушылықтарды табуға және тату сынып ұжымының бір бөлігі болудың маңызын сезінуге көмектесті.