back-image
ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> ҚОББ Шахтинск қаласы білім бөлімінің "№12 жалпы білім беретін мектебі"КММ
Мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Дефектолог-логопед – 1 бірлік
10-08-2023 10:34
Мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы ХАБАРЛАНДЫРУ Дефектолог-логопед – 1 бірлік

Мемлекеттік қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс туралы

ХАБАРЛАНДЫРУ

  1. мекенжайы көрсетілген конкурс өткізетін ұйымның атауы, пошталық мекенжайы, телефон және факс нөмірі, электрондық пошта мекенжайы: 

Қарағанды облысы білім басқармасы Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№12  жалпы білім беру мектебі» КММ: Заңды мекенжайы –Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, квартал 14, құрысы 6А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(72156)30610,  E-mail: : shahtinsk_osh12@krg.gov.kzазаматтық қызметшілердің бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

  1. негізгі функционалдық міндеттері, еңбек ақысының мөлшері мен шарттары көрсетілген бос лауазымдар атауы:

1.Дефектолог-логопед – 1 бірлік

2.1. функционалдық міндеттері

Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес оқытылатын пәннің ерекшелігін ескере отырып, білім алушыларды оқыту және тәрбиелеуді жүзеге асырады.Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істей білу.Білім алушылардың жеке қажеттілігін ескере отырып, оқытудың жаңа тәсілдерін, тиімді нысандарын, әдістері мен құралдарын қолданады.Кәсіби құзыреттілікті, оның ішінде ақпараттық - коммуникациялық құзыреттілікті арттырады. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды.Білім беру үрдісі кезеңінде білім алушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауды қамтамасыз етеді.Ата-аналармен немесе олардың орнындағы тұлғалармен ынтымақтастықты жүзеге асырады.Жабдықты пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша талаптарды орындайды.Білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.

2.3.Еңбек ақысының мөлшері

Буын, саты

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

В2-1

144629 тг

167546 тг

В2-2

135957 тг

161042 тг

В2-3

135028 тг

159803 тг

В2-4

126976 тг

146486 тг

В3-1

127905 тг

147106тг

В3-2

119234 тг

139674тг

В3-3

118304 тг

139364 тг

В3-4

109014 тг

129763 тг

В4-1

122330 тг

139983 тг

В4-2

115517 тг

135957 тг

В4-3

113659 тг

132860 тг

В4-4

102819 тг

115517 тг

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2.4. Еңбекке ақы төлеу шарттары

Айлық еңбекақы мөлшері жыл сайынғы тарифтеу тізімімен айқындалады.

  1. Лауазымдық міндеттері:
  2. Білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ауытқуларды барынша түзетуге бағытталған жұмысты жүзеге асырады;
  3. білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) құрылымын айқындайды және белгілердің көрініс беру дәрежесі олардың қолда бар кемістіктерін тексереді;
  4. білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) психофизикалық жай-күйін ескере отырып топ жинайцды, сабақ жүргізеді;
  5. бұзылған функцияларын қалпына келтіруге, дамытуға топтық және жеке сабақтар өткізеді;
  6. мұғалімдер мен тәрбиешілер тығыз байланыста жұмыс істейді;
  7. дамуында ауытқуы бар  білім алушылардың (тәрбиеленушілердің) ата-анасына (олардың орнындағы адамдардың) және педагог қызметкерлерге арнайы әдістері мен тәсілдерін бойынша көмек көрсетеді;
  8. қажетті құжаттаманы жүргізеді;
  9. жалпы мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді;
  10. мемлекеттік стандарттардың әр түрлі нысандарын, тәсілдерін, әдістерін және құралдарын оқытуда пайдаланады;
  11. білім беру бағдарламаларын жүзеге асырады;
  12. өзінің кәсіби біліктілігін жүйелі арттырады;
  13. әдістемелік бірлестіктердің қызметіне және басқа да әдістемелік жұмыс нысандарына қатысады;
  14. ата-аналармен (оларды алмастырушы тұлғалармен) байланысты жүзеге асырады;
  15. еңбекті қорғау ережелері мен нормалары, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелерін орындайды;

            Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар

                Білуге міндетті:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексін, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Қазақстан Республикасындағы тіл туралы" Заңдарын, білім беруді дамытудың бағыттары мен перспектикваларын айқындайтын мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын және басқа да нормативтік құқықтық актілерді,
  2. оқу пәнінің мазмұны, оқу-тәрбие процесі, оқыту және бағалау әдістемесін;
  3. педагогика мен психологияны,
  4. пәнді оқыту әдістемесін, тәрбие жұмысын, оқыту құралдарын және олардың дидактикалық мүмкіндіктерін,
  5. оқу кабинеттері мен қосалқы үй-жайларды жабдықтауға қойылатын талаптарды,
  6. еңбекті қорғау, қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы қорғау ережелері мен нормалары, санитарлық ережелер мен нормаларды.

 

Конкурс қатысушыларына қойылатын талаптар:

1) осы Қағидалардың 10-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) жеке басын куәландыратын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);

3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – болған жағдайда);

4) педагогтердің үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;

5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);

6) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын бекіту туралы" №ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;

7) Психоневрологиялық ұйымнан анықтама;

8) Наркологиялық ұйымнан анықтама;

9) ұлттық біліктілік тестілеу сертификаты (бұдан әрі - ҰБТ) немесе педагог-модератордың, педагог-сарапшының, педагог-зерттеушінің, педагог-шебердің біліктілік санатының болуы туралы куәлік (болған жағдайда);

10) 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;

Конкурсқа қатысуға құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланған күннен бастап жеті  жұмыс күні ішінде жүргізіледі.

Құжаттарды қабылдау сағат 13.00-дан 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-ден 16.00-ға дейін  жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау басталған күні, уақыты:       2023ж 10.08. 09.00 сағ

Құжаттарды қабылдау аяқталатын  күні, уақыты:  2023ж 17.18. 16.00 сағ

  1. құжаттарды тапсыру орны, байланыс телефоны және конкурсты өткізуді ұйымдастыруға жауапты тұлға:

Қарағанды облысы, Шахтинск қаласы, Шахан кенті, квартал 14, құрысы 6А, анықтама үшін телефон, факс тел.8(72156)30610,  E-mail: : shahtinsk_osh12@krg.gov.kz

Құжаттарды қабылдауға жауапты тұлға: конкурстық комиссиясының хатшысы Конырова Әсем Берікқызы

Новости