Рөлдік ойындар - бұл ойын барысында бала айналасындағы ересектердің мінез-құлқын, көзқарастары мен әрекеттерін байқап көретін ойындар. Мұндай ойындар өте көп, өйткені бала олар үшін сюжеттерді айналасындағы шындықтан алады.
Балалардың өз ниеті бойынша ойнау қабілетін қалыптастыру, балалардың шығармашылық белсенділігін ынталандыру, нақты заттар мен олардың орнына басқа заттарды қолдана отырып, ойын ортасын құруға үйрету, құрдастарымен рөлдік өзара әрекеттесу қабілетін дамыту, балалардың есту және көру зейінін, есте сақтау қабілетін, қиялын, сөйлеудің интонациялық мәнерлілігін дамыту, дәрігердің жұмысына құрметпен қарауға тәрбиелеу, олардың арасындағы достық қарым-қатынас сияқты дағдыларды ескере отырып "Таңшолпан" мектеп – бөбекжай" кешені" КММ "Тұлпар" жоғары тобының педагогтары "Аурухана" сюжеттік-рөлдік ойынында осындай міндеттер қойды.