back-image
КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГКП «Ясли-сад «Таңшолпан»
«Біз қазақ ертегілері әлеміндеміз»
23-01-2024 22:55
 «Біз қазақ ертегілері әлеміндеміз»

Қазақ тілі апталығының үшінші күні барлық топтарда «Біз қазақ ертегілері әлеміндеміз» қабырға газеттерін шығарумен басталды. « Қазақ тілі патшалығына саяхат» айдарында аталарға үйде немерелеріне ертегіні оқып беру, мазмұнын түсіндіру жүктелді. Ата-әжелер тек қана «ата-анасының әке, шешесі ғана емес». Ол кісілермен немерелері қарым-қатынас жасауда ұрпақ жалғасын сезінуге мүмкіндік алады. Аталарымыз белсенділік танытты. Балқаш өңірінің тумасы балалар жазушысы Жеңіс Қашқыновтың өмірбаянымен, шығармашылығымен таныстыру мақсатында ересек және мектепалды топтырының тәрбиеленушілеріне бейне материал көрсетілді. Ересек және мектепалды топ тәрбиешілері балаларды Абай Құнанбаевтың жыл мезгілдері өлеңдерімен таныстырып, «Қыс» өлеңін жаттатты. Ересек топтар арасында  «Ертегілер елінде» зияткерлік ойын өткізілді. Балалар сахнада шағын рөлдерде ойнау арқылы байланыстыра сөйлеуге, әдемі киініп, жинақы жүруге, үлкендермен және басқа да балалармен тіл табыса білуге үйрету мақсатында барлық топтарда сүйікті ертегілерді сахналау, қуыршақ театры, магниттік театр ұйымдастырылды. Қазақ халық өнеріне деген құрметіне тәрбиелеуде «Музыкалық сандықша»  интерактивті ойын өткізілді. Әр қатысушы белсенділік танытып, ойынға қызығушылықпен қатысты. Ересек, мектепалды топ  ата-аналарына  «Ата салтын, ана тілін құрметте» атты кеңес берілді.

Новости