back-image
КГУ "Школа-лицей имени Шокана Уалиханова"

Қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту

Қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде нашар көретіндер үшін қажетті жағдайлар жасау мақсатында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті қазақ тіліндегі сөйлеуді синтездеу жобасын жүзеге асырды (экран дикторы)

screenreader.tilqazyna.kz
Организации> КГУ "Школа-лицей имени Шокана Уалиханова"
2024 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды қаласындағы Достық үйінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы болды.
17-04-2024 15:49
2024 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды қаласындағы Достық үйінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы болды.
2024 жылдың 17 сәуірінде Қарағанды қаласындағы Достық үйінде қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің аймақтық форумы болды.
Оған облысымыздың әр өңірінен қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері, қосымша білім беру ұйымдарының қазақ тілі мұғалімдері, тіл оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, ЖОО оқытушы-профессорлары, балабақша, бастауыш сынып мұғалімдері, Қарағанды облысының тіл жанашырлары, журналистер, блогерлер,барлығы 420 адам қатысты.
Бұл шара ҚР Оқу-ағарту министрлігі мен Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының бастамасымен Қарағанды облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы мен Қарағанды облысының білім басқармасының ұйымдастыруымен ұйымдастырылды.
 Шара бірнеше бөлімнен құралған.
 Кіріспе бөлім:
1. Алғы сөз - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Құсайын Ерлан Бейсембайұлы;
2. Шара қонағы - Иса Қазыбек Жарылқасынұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Әлеуметтік-мәдени даму Комитетінің мүшесі, «ҚР Мәдениет қайраткері», «Ұлт қайраткері», «Тіл жанашыры» құрметті атақтарының иегері;
Мақсаты:  Қазақ тілі мұғалімдеріне бағыт-бағдар, мотивация беру, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының жұмыс барысы, мақсаты мен бағыттарымен таныстыру.
 Қазақ тілін оқытуды тиімді, жүйелі ұйымдастыру, заманауи цифрлық ресурстар, соңғы 3 жылда жарық көрген оқу құралдары мен сайттармен таныстыру.
“Сарыарқа”оқу-әдістемелік кешенінің тұсаукесер рәсімі. Шара барысында қоғамдық орындарда қызмет көрсетушілерге арналған әдістемелік өнімдер мен кәсіби салаға бағытталған оқу-әдістемелік кешендері таныстырылды.
 Шараның спикерлері:  
 • Рауан Кенжеханұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті – «Тіл – адам тұлғасының тұғыры»
* Қағазбаев Жаңбырбай Ахметұлы – Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің доценті, «Құрмет» орденінің иегері, ТМД–ның үздік педагогы, ҚР білім беру ісінің үздігі
* Шерубай Құрманбайұлы, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының ғылым жөніндегі вице-президенті, ҚР ҰҒА академигі, филология ғылымының докторы, профессор – «Оқулық және мұғалімнің кәсіби біліктілігі»
* Ысқақова Жазира Мақсұтқызы, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының Әдістеме LAB басқармасының басшысы, филология ғылымдарының кандидаты – «Қазақ тілін ІТ жобалар арқылы үйрету»
* Әсел Мұхаметжанова, Басқарушы директор, BMG UpSkill – «Бастауыш сынып оқушыларының оқу сауаттылығын арттыру»
* Игенова Алмагүл Ақмашқызы, Қарағанды облысының тілдерді оқыту орталығының директоры, ересектерге, кәсіби салаға бағыттап оқытуға арналған оқу-әдістемелік кешендердің авторы.
Осындай айтулы шараға Абай қаласынан тіл жанашырлары қатысып, пікір алмасып, ой бөлісті. “Шоқан Уәлиханов атындағы мектеп-лицейі”КММ-сінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Камшат Жақсылыққызы Танашева Қазақстан Республикасы Ғылым және Жоғары Білім Министрлігі, Тіл саясаты комитетінің Алғысхатымен марапатталды.
Новости